$ 494.87  520.65  4.91

Астанада сирена дыбысы неге естілгені белгілі болды

Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар әрекет ету туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін міндетті түрде қолжетімді ақпарат қабылдау құралдарын (теледидарлар,радиолар және т.б.) қосуы керек.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті сейсенбі таңертең қала тұрғындарын дүрліктірген сирена дабылын түсіндірді.

"Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, 24 мамыр сағат 09:55-те радио арна, электродабылдарын қосу арқылы Нұр-Сұлтан қаласының құлақтандыру жүйелерін тексеру жүргізілді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, төтенше жағдай кезінде халық назарын аудару үшін электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады. Ол "Баршаңыздың назарыңызға!" бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді.

Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар әрекет ету туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін міндетті түрде қолжетімді ақпарат қабылдау құралдарын (теледидарлар,радиолар және т.б.) қосуы керек.

Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарын сабырлық сақтауға, үрейленбеуге шақырды. Қала тұрғындары сирена дыбысы хабарланған уақыттан ертерек естілді деп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#дабыл #Астана