Жаңалықтар 24.05.2022 сағат 14:40

Тұрсынбек Қабатов жаңа саяси партия құрмақ

КВН жұлдызы ұлты мен дініне қарамастан Қазақстанның барлық тұрғындарының басын біріктіруге ниетті.
Тұрсынбек Қабатов жаңа саяси партия құрмақ
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Отандық әзіл-сықақшы Тұрсынбек Қабатов «Абырой» атты жаңа саяси партияны құруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

КВН жұлдызы ұлты мен дініне қарамастан Қазақстанның барлық тұрғындарының басын біріктіруге ниетті. Алдын ала мәліметтер бойынша, партия бағдарламасында өзге міндеттердің қатарына бірліктің бірегей қазақстандық моделін сақтап қалу және арттыру, елімізде өмір сүретін барлық халықтардың арасындағы берік достықты күшейту кіреді.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа «Абырой» партиясы Тұрсынбек Қабатовтың саясатқа келуге жасаған алғашқы әрекеті емес. 2021 жылғы маусым айында танымал әзіл-сықақшы өзінің Instagam парақшасындағы жазылушылардан «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысу бойынша пікірлерімен бөлісуді сұраған. Жазылушылардың көпшілігі оның бастамасын қолдады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар