Алматы облыстық және Ақмола облыстық Полиция департаменттерін басқарған генерал-майор Жайлаубек Халықұлы ұсталды, деп хабарлайды nege.kz.
58 жастағы генералды «алаяқтық жасады, пара берді» деген күдікпен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ұстаған.
Ж.Халықұлы 1989 жылдан бері ішкі істер органында қызмет еткен. Отставкадағы генералды Антикор қызметкерлері Алматы облысының Қарасай ауданы, Шамалған ауылындағы үйінен ұстап әкеткен.