$ 494.87  520.65  4.91

Екібастұзда кішкентай бала 4-қабаттан құлап кетті

Дәрігерлер баланың көкбауырын алып тастады.
Екібастұзда төрт жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
 
Оқиға сейсенбі сағат 13.45-те Абай көшесіндегі үйде болған. 2017 жылы туған бала ауруханаға жеткізілді.

"Баланың жағдайы тұрақты ауыр, операциядан кейінгі кезең қалыпты өтіп жатыр. Дәрігерлер баланың көкбауырын алып тастады. Кішкентай пациент есін біледі. Ем реанимация жағдайында жалғасып жатыр", - деп нақтылады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары