25.05.2022, 12:20

Орал тұрғыны баланы қағып, үйіне апарып, ізін суытқан

Фото: ашық дереккөз
Баланы соққан жүргізушіні іздеуге БҚО ПД барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

Кеше кешке Оралдағы Гагарин және Жәнібек көшелерінің қиылысында жүргізуші кәмелетке толмаған баланы қағып кетіп, зардап шегушіні тұрғылықты жеріне апарып, қашып кеткен.

«Жүргізуші ақ түсті Toyota көлігінде болған. Аталған автокөлікті іздеуге БҚО ПД барлық жеке құрамы жұмылдырылды», - деп мәлімдеді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір зардап шеккен бала анасымен бірге медициналық тексеруден өтуде. Бала аяғы ауыратынын айтып шағымданған.

Полиция құқық бұзушылықтың біліктілігі бала жарақатының ауырлығына байланысты болатынын атап өтті.  

Тегтер: Toyota Орал