$ 494.87  520.65  4.91

Көкшетау мектебіндегі «бомба»: оқушы қыз өзі оқитын мектепті жарып жібергісі келген

Мұндай әрекетке қыздың бұл оқу орнында оқуға құлықсыздығы себеп болған.
Көкшетаудағы №2 орта мектепте қолдан жасалған жарылғыш зат табылды. Полицейлер құрылғыны мектеп оқушыларының бірі жасағанын анықтады. Бұл туралы Ақмола облысының полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
 
Полиция қызметкерлері құрылғыны мектеп оқушыларының бірі (№2 орта мектеп. – ред.) жасағанын анықтады. Алдын ала белгілі болғандай, мұндай әрекетке қыздың бұл оқу орнында оқуға құлықсыздығы себеп болған, - деп атап өтті Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ведомство бұл мәселе қосымша тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

Кәмелетке толмағанды ​​профилактикалық есепке қою жөніндегі мәселені ювеналдық полиция қызметкерлері шешеді, - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Еске салсақ, 24 мамыр күні сағат 17:50-де Көкшетау қаласындағы №2 орта мектептің шаруашылық меңгерушісі полицияға қоймадан қолдан жасалған жарылғыш затқа ұқсас зат – сым салынған қаңылтыр банка табылды деген хабармен жүгінген. Полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алып, оқу орнынан барлығын – 20 мұғалім мен мектептің 10 техникалық қызметкерін сыртқа шығарды. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бекітілген іс-қимыл алгоритміне сәйкес, анықталған құрылғыны орнында жою туралы шешім қабылданды – қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, қауіпсіз қашықтықта жарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары