Тараз қалалық сотының төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оған 1 млн теңге пара алды деген айып тағылып отыр.
"Биыл 16 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Тараз қалалық сотының төрағасы А. Мадемаровқа қатысты азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдағаны үшін 1 млн теңге пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - делінген Антикор хабарламасында.
ҚПК 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.