25.05.2022, 18:00

Балаларына 5 млн теңге алимент төлемеген әке бір жылға бас бостандығынан айырылды

Өзін қорғау үшін ол ресми кірісі жоқ екенін алға тартты.

Алматыда екі баласына бес жыл алимент төлемей жүрген 32 жастағы ер адам бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдрахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған қалалық соты алимент төлеуден жалтарып жүрген әкені 1 жылға бас бостандығынан айырды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу Алматы қаласы бойынша анықтау департаментінің анықтау басқармасының тергеушілеріне жүктелген еді.

«1990 жылы туған Ч. есімді ер адам, бес жыл бойы екі кішкентай баласына алимент төлеуден жалтарып келген. Өзін қорғау үшін ол ресми кірісі жоқ екенін алға тартты. Сотқа дейінгі тергеп-тексерумен анықталғандай, күдіктінің ресми кірісі болған», - дейді Рустам Әбдрахма

нов. Бүгінге дейін ер адамның балалары алдындағы қарызы 5,1 млн теңгені құрайды.

Сот шешімімен борышкер сот залында қамауға алынды.