25.05.2022, 18:20

Қазақстандықтар кешіккен әуе рейстері үшін өтемақы алады

Фото: ашық дереккөз
Рейстері тұрақты түрде кешігетін әуе компаниялары бар.

Енді рейс кешіккен жағдайда, әуе компаниясы әр сағат үшін билет құнының  3%-ын төлеуге міндеттеледі. 

"Рейстері тұрақты түрде кешігетін әуе компаниялары бар. Енді бұл оларды тәртіпке келтіреді деп үміттенеміз. Азаматтар рейс кешіккен әр сағат үшін билет құнының 3% қайтара алады. Алайда жалпы сома билет құнынан аспауы керек", – деді депутат Альберт Рау.

Депутат Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, 2020 жылдың соңына қарай шамамен 51 мың рейстің 6 735-сі кешіккен. Яғни әрбір сегізінші ұшақ уақытында ұшпаған. 2021 жылы 68,7 рейстің 12,8-і кешікті. Депутаттар көлік мәселесін қарастыратын заңға енгізілген түзетулерді бірінші оқылымнан мақұлдады.  Құжат еліміздегі көлік жүйесін жақсарту мақсатында жасалды.

Тегтер: әуе билеті