Жаңалықтар 26.05.2022 сағат 11:40

Ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері 50 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді

Тергеу жалғасуда.
Ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері 50 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл мәліметті "Антикор" жария етті.

"Алматы облысының Антикоррупциялық қызметі ҚР ҚК 189-баптың 4-бөлігі 2-тармағы бойынша "Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ экс-басшысымен лауазымды тұлғаларға қатысты қаржы институтының басшысымен алдын ала сөз байласу арқылы "Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған" мемлекеттік бағдарламасы аясында агроөнеркәсіптік кешен субъектілері шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялауға бөлінген Ауыл шаруашылығы жабдықтарын жоғары құны бойынша жеткізу арқылы 50 000 000 теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді тіркеді",- деп жазылған хабарламада.

Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілген жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар