$ 494.87  520.65  4.91

Оралда 2 млн долларға салынған мұз айдыны жарамсыз болып қалды

Шенеуніктер мұз қатыратын қондырғыларды түгел қоса алмай отыр.

Оралдық спорт шенеуніктері 2 миллион долларға салынған жасанды мұз айдынының тоңазытқыштарын пайдалана алмай отыр. Өйткені қондырғыға жалғанған жіңішке кабель жоғары кернеуді көтере алмай, жарылып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Бір қызығы, құрылысқа жауапты мердігер бұл оқиғадан кейін дәл сондай әлсіз кабельді қайта жалғапты. Кейін өзі 1,5 миллиард теңге бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталып кеткен.

Енді кімді кінәлайтынын білмеген шенеуніктер мұз қатыратын қондырғыларды түгел қоса алмай отыр. Өйткені үш тоңазытқышты қатар қосуға кабель шыдамайды. Бірақ Мәскеудегі мамандарға хат жазып, көмек сұраған.

Айта кетелік, жасанды мұз алаңын салуға өңірдегі Қарашығанақ кенішін игеріп жатқан шетелдік компаниялар 2 миллион доллар жұмсаған. Шетелден алдырған үш тоңазытқыш ауа-райы 10 градусқа жылынса да, алаңдағы мұзды қатырып тұруы тиіс еді. Сөйтіп, көктемде де коньки тебеміз деп үміттенген оралдықтар мұз айдынының қызығын көре алмады. 

“Өздері ауыстырдық деді. Бірақ ауыстырғанын қайта ашып қарадық, не кабель ауыстырғанын. Сол жарылған кабельді қайтадан орнына қойыпты. Біз енді білмейміз, оны қайтадан қоссақ, тағы да жарылыс болады. Бұдан бөлек тағы да ақаулар шығып қалуы мүмкін. Сондықтан біз қоспай отырмыз”, – дейді БҚО Жоғары спорттық шеберлік мектебінің директоры Асхат Шайхиев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары