26.05.2022, 16:00

«Қазақстанда кедейлік шегі Африка және Оңтүстік Америка елдерімен бір деңгейде» – депутат

Фото: ашық дереккөз
Елде табысы күнкөріс деңгейінен төмен 1,5 млн-нан астам адам бар.

Елде табысы күнкөріс деңгейінен төмен 1,5 млн-нан астам адам бар. Ол еңбекке қабілетті халықтың 5,3% - ына тең. Бұл туралы сенатор Динар Нөкетаева айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

«Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 5,3% - ды құрады, бейресми ақпарат бойынша бұл 1,5 млн-нан астам адам. Халықаралық сарапшылар Қазақстанда кедейлік деңгейі $2,8 (күніне – ИФ-К), Еуропа елдерінде орташа $5,5, ал Ресейде $6 құрайтынын атап өтті. Қазақстанда кедейлік шегі Африка және Оңтүстік Америка елдерімен бір деңгейде», - деп хабарлады ол.

Қазақстанда 1 сәуірден бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 мың 018 теңгені құрайды. Ағымдағы бағам - 415,12 / $1.

Кейінгі жылдары елде ЖІӨ-нің бірнеше есе өсуі байқалғанына қарамастан, халықтың кемінде 40%-ы азық-түлік сатып алуға өз бюджетінің 59%-ын жұмсайды, деп атап өтті депутат.

«Өзін - өзі жұмыспен қамтыған 2 млн адамның 85%-дан астамы айына 100 мың теңгеден аз табыс табады, олардың 10%-ы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, ал кейбір өңірлерде бұл көрсеткіш 30% - ға жетеді», - деді Нүкетаева.

Қазақстан Халқы 19,1 млн адамнан асады.