$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбе облысында сапасыз жол салған 60-қа жуық шенеунік айыппұл төлейді

Енді олардың әрқайсысы бюджетке 120 мың теңгедей айыппұл төлеуге тиіс.

Ақтөбе облысында шұрық-тесік жолға жауапты алпыстан астам шенеунік жазаға тартылды. Енді олардың әрқайсысы бюджетке 120 мың теңгедей айыппұл төлеуге тиіс, деп хабарлайды  “КТК” арнасы.

Әкімшілік полиция басқармасындағылар жол қауіпсіздігіне қатысты аймақта тексеру жүргізген. Трассаның бойындағы ой-шұңқырды, асфальттағы жарықтарды санап шығыпты.

Қадағалап жүріп 250-ден аса ақау тапқан. Тақтайдай тегіс болмаса да, жолдың шұрық-тесігін жамауға жарамаған аудан мен ауылдың 20 әкімі, Автомобиль жолдары басқармасы мен бөлімдерінің жеті басшысы, жолға жауапты әкімдіктің өзеге де мамандары әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Енді сол жолды жақын арада жөнге келтірмесе, екінші қайтара әрқайсына салынар айыппұл көлемі миллион теңгеден асатын болады. Ал Ақтөбе облысының жолын жөндеуге және жаңа салуға қазынадан биыл 32 миллиард теңге бөлінген. Қыруар ақшаға қарық қылып тас төсеп жатқандары шамалы деп налиды көлік жүргізушілері.

“Жол жүрісіне қауіп төндіріп отқан жолдағы шұңқырлар пайда болуы. Осы шұңқырларды айналып өтемін деп, қарсы жолақ бетке шығып кетуі мүмкін. Сол себептен де біз уақытында тексеріп, ұйғарымға келіп, айыппұл салып жатырмыз”, – дейді Ақтөбе облысы әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Еркін Өтеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары