Алматыда жергілікті уақыт бойынша сағат 21:50-де күші 2-3 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы.
"Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы 2-3 балл", – делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 71 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,1, магнитудасы – 5,5.
Эпицентр координаттары солтүстік ендік 42,87 градус, шығыс бойлық 77,66 градус, тереңдігі – 10 шақырым.