27.05.2022, 09:20

Көкшетаулық азамат көршісінің үйін ішіндегі балаларымен бірге өртемекші болған

Фото: ашық дереккөз
Тағы төрт бала үйдің ауласында жүрді.

Ішімдік ішіп алып, көршісінің үйін өртемек болған тұрғын ұсталды. Бұл туралы Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айтуларынша, 26 мамырда Көкшетау қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын хабарласып, көмек сұраған. Әйелдің сөзінше, көршісі оның үйіне безнин шашып, өртеп жіберетін айтып қорқытқан.

«Айтылған мекен-жайға дереу учаскелік полиция инспекторы, капитан Борис Толгуров пен лейтенант Ерқанат Орынбай жетті. Олар барған кезде, үйдің ішінде масаң күйде екі ер адам және бір бала болды. Тағы төрт бала үйдің ауласында жүрді. Ер адамдар үйдің бөлмелерінің еденіне бензин шашып, от қоюға әрекеттенген. Полиция оқыс жағдайдың алдын алды», – делінген хабарламада.