$ 449.58  486.94  4.86

Белгілі боксшы Канело мен Головкин жекпе-жегінде кім жеңетінін болжады

Соңы нокаутпен аяқталуы мүмкін.

Белгілі мексикалық былғары қолғап шебері Марко Антонио Баррера трилогияға қатысты ойын айтты, деп жазады tengrinews.kz.

"Алғашқы екі кездесу өте қызықты өтті. Жанкүйерлердің біразы Гена жеңіске жеткенін айтса, екінші тарап Канело жеңді деді. Бұл жолы көптеген сұрақтың шешімі табылады. Альварес бүкіл әлемге кім мықты екенін дәлелдеу үшін алғашқы раундтан бастап ширақ қимылдайды. Трилогия кім мықты екенін анықтайды. Сондықтан Канело нокаутпен құлату үшін аянып қалмайды. Ал Гена Муратаға қарсы айқаста жоғары деңгейін көрсетті. Қырыққа таяп қалғанда өзін жақсы формада ұстауы ұнады. Нәтижесінде Мурата нокаутқа түсіп қалды. Канело - жылдам боксшы. Сауль бірден құлатудың амалын ойластырады. Соңы нокаутпен аяқталуы мүмкін", - дейді Баррера.

Еске салайық, Геннадий Головкинмен мен Сауль Канело Альварес 17 қыркүйекте кәсіпқой рингте үшінші рет кездесу өткізгелі отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары