БҚО-да белгісіз біреулер бейіттегі ескерткіш түріндегі белгілерді қиратып кеткен деп хабарлады turkystan.kz.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 26 мамыр күні сағат 19.00-де Бәйтерек ауданы Трекин ауылындағы православ зиратында болған. Анықталғандай, 14 ескерткіш белгі қиратылған.
«Аталған дерек ақпаратты тіркеу кітабында тіркелді. Қазіргі кезде ҚК 314-бабына (қайтқан адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы оқиғаға қатысы бар адамдар анықталу үстінде», – деп хабарлады ведомстводан.
Ауыл тұрғындары жедел қимылдаған полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.