$ 444.22  476.38  4.82

Ресей олигархтары Түркияға қаржы құйып жатыр

Олар енді осы елдің азаматтығын алуға тырысады.

Батыс санкцияларынан қашқан ресейлік олигархтар Түркияға қаржы құйып жатыр. Олар негізінен қымбат жылжымайтын мүліктерді сатып алып, туризмді жандандыруға кіріскен, деп хабарлайды Atameken Business.

Теріскейдегі ауқатты азаматтар жиған-тергеніне Түркиядан баспана алып, Ыстамбұл мен Антальядағы сауданы қыздырып жатыр. Қымбат яхталарын теңіз маңындағы туристік орталықтарға жеткізген олар ел экономикасын көтеруге өз үлестерін қосуда. Олар енді осы елдің азаматтығын алуға тырысады.

Түркия келесі айдың 13-інен бастап кемі 400 мың доллардан аса қаржы жұмсап, осы жақтан жылжымайтын мүлік алғандарға қана төлқұжат ұсынады. Жергілікті кәсіпкерлер осындай мүмкіндік жасаған дипломаттарға дән риза.

Анкарадағы билік соғыс басталған кезде Ресеймен де, Украинамен де жақсы қарым-қатынас сақтап, тараптардың арасында келіссөз ұйымдастыруға кіріскен еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары