$ 494.87  520.65  4.91

Петропавлдағы сауда үйінен 700 адам эвакуацияланды

Арнайы бөлімше қызметкерлері күдікті заттарды таппады.

Белгісіз біреулер Петропавлдағы "Dostyq Mаll" сауда ойын-сауық орталығында жарылыс болу қаупі барын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" порталының хабарлауынша, сауда үйі ғимаратынан 700-ге жуық адам эвакуацияланды.

Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер жан-жақты сүзіп шықты. Арнайы бөлімше қызметкерлері күдікті заттарды таппады.

Қазіргі уақытта жалған лаңкесті анықтау және ұстау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мұндайда ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылады.

Биыл осы бап бойынша екі солтүстік қазақстандық сотталды. Олардың бірі бір және екіншісі 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары