$ 444.22  476.38  4.82

Әлімханұлы The Ring рейтингінде Головкинге жақындады

Топ-5 тізімде: Джермалл Чарло, Деметриус Андраде және Хайме Мунгия бар.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бокс туралы атақты The Ring журналы барлық салмақтағы рейтінгін жаңартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Орта самлақта бұрынғысынша WBA Super, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) көш басында. Тағы бір қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) нокаутпен жеңістен кейін алтыдан бесінші сатыға жоғарлады. 

Топ-5 тізімде: Джермалл Чарло, Деметриус Андраде және Хайме Мунгия бар.

Еске салайық, Әлімханұлы 22 мамырда Лас-Вегаста WBO-ның орта салмақтағы "уақытша" чемпионы атағы үшін жекпе-жекке шығып, ұлыбританиялық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Ал Головкин 9 сәуірде жапон Рйота Муратаны (16-3, 13 КО) нокаутқа түсіріп, одан WBA Super титулын жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары