Жаңалықтар 30.05.2022 сағат 15:00

Жұмыс бөлмесіне Ресей туын қойған директордың басы дауға қалды

«Полиметалл» алтын өндіру компаниясының директоры Кеңпейіл Ордабайұлы жұмыс бөлмесіне Путиннің суретін, төріне Ресейдің туын қойып қойған.
Жұмыс бөлмесіне Ресей туын қойған директордың басы дауға қалды
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Шығыс Қазақстан облысындағы «Полиметалл» алтын өндіру компаниясының директоры Кеңпейіл Ордабайұлы жұмыс бөлмесіне Путиннің суретін, төріне Ресейдің туын қойып қойған.

Бұл туралы тележүргізуші Ерқанат Көпжасарұлы Instagram-дағы парақшасына жазды.

«Шығыс Қазақстан облысында «Полиметалл» деген алпауыт компания бар. Алтын өндіруден Республикада алдына түсетін мекеме жоқтың қасы. Қазақстан қазба байлығының қызығын көріп отырса да компания директоры Кеңпейіл Ордабайұлының жүрегі Ресей деп соғатын секілді», — деп жазды журналист.

«Бақыршық кен өндіру» ЖШС-і жылына 2 млн тонна кен өндіреді. 2021 жылы өндіріс орны мемлекет қазынасына 65 млрд 384 млн теңге салық төлеген. Ашық дереккөздерде компания жетекшісі – Исаев Кеңпейіл Ордабайұлы деп көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар