Жаңалықтар 31.05.2022 сағат 15:20

Зерттеу: Қазақстанда қыздардың саны азайып барады

Алшақтық жылдан-жылға артып, қыздардың саны азайып барады.
Зерттеу: Қазақстанда қыздардың саны азайып барады
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстанда әйелдердің саны біртіндеп азайып келеді деп хабарлайды Ranking.kz порталы.

Қазақстан халқы бір жылда 1,3%-ға өсіп, 2022 жылдың басында 19,12 млн адам болды. Оның 9,84 миллионы – әйелдер, 9,29 миллионы – ерлер. Халықтың жалпы санындағы әйелдердің үлесі жыл басында 51,44% болды. Бір жыл бұрын осы көрсеткіш 51,48 процент еді. Бес жыл бұрын 51,62, ал он жыл бұрын 51,77 болған.

Биыл бірінші тоқсан қорытындысы бойынша халық саны 19,18 миллион адамға өсті. Оның ішінде 9,31 миллионы ерлер, 9,86 миллионы әйелдер. Әйелдердің үлесі тағы да 51,43%-ға дейін төмендеді.

«Жалпы, әйелдердің үлесі ерлерге қарағанда жоғары болып сақталса да, жыл сайын төмендеп келеді. Мәселен, соңғы бес жылда әйелдердің саны орташа есеппен жыл сайын 1,2 процентке өсіп отырады, ал ерлердің көрсеткіші 1,4 процент», – дейді мамандар.

Әйелдердің жалпы саны ерлерден басым болып тұрса да, жас санатына қарай жағдай мүлдем басқаша. Мәселен, 14-28 жас аралығындағы әйелдердің саны 0,1 процентке азайып, жыл басында 1,83 миллион болған. Ал осы санаттағы ерлердің саны, керісінше, 0,1 процентке өсіп, 1,92 миллионға дейін жеткен. Бұл да тұрақты динамика болып отыр. 2022 жылдың басында жас әйелдердің үлесі 48,87 процентті құрады. Сондай-ақ осы санаттағы қыздардың саны жыл сайын азайып келеді.

Сонымен «статистика мәліметтері бойынша 10 қызға 9 жігіттен келеді» деген ескірген кеңестік стереотиптің Қазақстанға мүлдем қатысы жоқ. Статистика мәліметтеріне сай, Қазақстанда ұлдарға қарағанда қыздар айтарлықтай аз: 2021 жылы 230,3 мың сәбиге қарсы 216,2 мың нәресте, яғни қыздар жаңа туған нәрестелердің жалпы санының 48,4%-ын ғана құрады.

Ал ең неке жасындағы (28 жасқа дейін) жастардың арасында 1000 жігітке небәрі 956 қыздан келеді. Алшақтық жылдан-жылға артып, қыздардың саны азайып барады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар