Оралда шенеуніктер пәтерлерді заңсыз беріп, кезекте тұрғандарды баспанадан айырған. Мұны Антикор растады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің мәліметінше, кезекте тұрған 189 адам тізімнен шығып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Антикор пәтерлерді заңсыз берудің 247 фактісін анықтады. Тағы 169 пәтер кезектен тыс берілген, 189 мұқтаж адам тізімнен шығарылған.
"Жеке меншігінде тұрғын үйі бар, бірақ, тізімге іліккен 1000-нан астам адам анықталды. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтарынан азаматтарды есептен негізсіз шығарудың 200-ге жуық фактісі анықталды: бұл жетім балалар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар", – деді БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Әлия Денизбаева.
Телеарна мәліметінше, кезектен тыс тұрғын үй алған 169 адамның кім екені белгісіз.