Павлодарда жүргізушінің бейқамдығы салдарынан тұрақта тұрған көлік әйелді қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 30 мамыр күні 20:10 шамасында болған. Анықталғандай, 28 жастағы Mazda жүргізушісі көліктің өздігінен жүріп кету себебінің алдын алмаған.
Салдарынан тұрақта тұрған көлік жүріп кетіп, 32 жастағы әйелді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасынан әйел түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Ал көлік айыппұл тұрағына қойылды. Тексеріс жүріп жатыр.