01.06.2022, 10:00

Павлодарда тұрақта тұрған көлік әйелді қағып кетті

Фото: ашық дереккөз
Анықталғандай, 28 жастағы Mazda жүргізушісі көліктің өздігінен жүріп кету себебінің алдын алмаған.

Павлодарда жүргізушінің бейқамдығы салдарынан тұрақта тұрған көлік әйелді қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 30 мамыр күні 20:10 шамасында болған. Анықталғандай, 28 жастағы Mazda жүргізушісі көліктің өздігінен жүріп кету себебінің алдын алмаған. 

Салдарынан тұрақта тұрған көлік жүріп кетіп, 32 жастағы әйелді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасынан әйел түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Ал көлік айыппұл тұрағына қойылды. Тексеріс жүріп жатыр.