$ 444.32  473.33  4.76

Газ тағы қымбаттай ма?

Бензин, дизельдің бағасы өсуі керек. Шекаралас мемлекеттерде  бензиннің, дизельдің бағасы әлдеқайда жоғары.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Мұнай сервистік компаниялар одағының айтуынша, 1 шілдеден бастап жанар-жағармай мен көгілдір отынның мемлекет белгілеген шекті бағасы жойылуы мүмкін деп хабарлады  almaty.tv телеарнасы.

Қаңтарда Президент Үкіметке мұнай-газ саласындағы жұмысты жолға қойып, бағаның күрт өсуін шектеу тетіктерін енгізуді тапсырған болатын.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, еліміздің ішкі нарығы жанар-жағармаймен толық қамтамасыз етілген. Сұраныс жоғары болғандықтан, АИ-92 бензинінің бағасы сол күйінде қалуы мүмкін. Бірақ бұл мәселе әлі талқыланып жатыр.

«Мемлекет басшысы тапсырма бергелі 6 ай уақыт өтті. Жанар-жағармай, оның ішінде, АИ-93, сосын дизель бағасын ары қарай жалғастыру мәселесін қарастырып жатырмыз», – деді Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Ұлттық экономика министрі де шешілмеген мәселені 1 айда қарастырамыз деді.

«Мәселе талқыланып жатыр. Бізде әлі уақыт бар. Жанар-жағармай бойынша сұрақтар күн тәртібінде қаралады», – деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

«Қазақстанның мұнай кәсіпшіліктері сервистік компаниялары одағының» басшысы Нұрлан Жұмағұловтың айтуынша, бүгінде мемлекет тарапынан жасалып жатқан бірқатар шаралар жанар-жағармай бағасын шектеуге мүмкіндік береді. Бірақ, бағаның күрт өсуі болмайды.

Одақ басшысының айтуынша, жанар-жағармай бағасын шектей беруге болмайды. Қазақстанның мұнайды экспорттауға ары қарай шектеу қойғаны Еуразиялық экономикалық одақтың келісімшартына қарама-қайшы. Сонымен қатар мұнайдың нарықтағы бағасы барреліне 110 доллардан асса, елдегі мұнай өндіріп отырған компаниялар жергілікті нарыққа 20 доллармен ғана сатып жатыр.

«Бензин, дизельдің бағасы өсуі керек. Шекаралас мемлекеттерде  бензиннің, дизельдің бағасы әлдеқайда жоғары. Осы уақытқа дейін акциздерді көтерді. Дизель отынының акцизі бірнеше есеге өсті. Ал бензиндікі 30 пайызға өсті», – деді Қазақстан мұнай сервис компаниялары одағының бас директоры Нұрлан Жұмағұлов.

Еске сала кетсек, 1 шілдеге дейін АИ-80 маркалы бензин – 89 теңге, АИ-92 мен АИ-93 маркалы бензин – 182 теңге, ал, АИ-95 маркалы бензин 215 теңгеге сатылуы керек деп бектілген болатын. Президент осы бағаларды өсірген кәсіпкерлік субъектілерін әкімшілік жауапкершілікке тарту керектігін де айтқан еді. Әсіресе, газ бағасы ерекше бақылауға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары