$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда қолдан жасалған арақтан уланып көз жұмған 7 адамға қатысты жаңа деректер шықты

Қаза болғандардың барлығы жергілікті шаруа қожалықтарында жұмыс істеген.

Ертіс ауданында 7 адамның уланып қайтыс болуына қатысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Алдын ала деректер бойынша, қайтыс болған адамдар ішкен белгісіз сұйықтық шаруа қожалықтан ұрлап әкелінген

Мұндай деректі баспасөз жиынында Ертіс ауданының әкімі Аян Бейсекин мәлім етті.

"Әрине, бұл қайғылы өте ауыр жағдай. Қаза болған тұрғындар әлеуметтік жағдайлары төмендеу азаматтар. Көбіне отбасылары жоқ жалғызбасты ер адамдар. Ішінде әкесі мен баласы болды. Олардың жұбайлары жоқ", - деді Аян Бейсекин.

Аудан әкімінің айтуынша, қаза болғандардың барлығы жергілікті шаруа қожалықтарында жұмыс істеген. Алайда, бәрі ішімдікке құмар азаматтар болған.

    "Оқиғаға қатысты алдын ала ақпараттар бар. Ішіндегі бір азамат өзі жұмыс істеген шаруа қожалығынан сұйықтықты ұрлап келген болуы мүмкін. Оқиға содан басталған. Сот медициналық сарапатамаға анықталған заттар тапсырылды. Шешімін күтеміз. Құзырлы органдар тергеуді аяқтаған соң оқиғаға қатысты ақпарат толыққанды айтылады", - деді Аян Бейсекин.

Еске салайық, 26 мамырда Ертіс ауылының тұрғындары белгісіз сұйықтықты тұтынып, салдарынан келесі күндері жеті адам қайтыс болған.

Сұйықтықтың шыққан жері белгісіз, Ертіс ауданының тұрғынынан алынған ыдыста сақталғаны анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#улану #арақ