$ 444.22  476.38  4.82

Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды

Ол Еуразиялық Экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі​ Алқа мүшесі болып тағайындалды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бұрынғы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық Экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі​ Алқа мүшесі болып тағайындалды. Бұл туралы ЕЭК сайты хабарлады.

Бақытжан Әбдірұлы 1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысының Үшарал ауылында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген.

1985 жылдан - Алматы халық шаруашылығы институтының саяси экономия кафедрасының меңгерушісі.

1988 жылдан С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент.

1992 жылдан коммерциялық құрылымдарда басшылық жұмыстарда болды.

1998 жылдан - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

1999 жылдан - ҚР шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары.

2000 жылдан - «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ басқарма төрағасы.

2001 жылдан ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.

2004 жылдан - ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы.

2007 жылдан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы.

2008 жылдан - Павлодар облысының әкімі. 2012 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін - ҚР Экономикалық даму және сауда министрі.

2012-2013 жылдары - «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары (2013-2016); ҚР Премьер-Министрі (2016-2019); Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы (2019-24.03.2019);

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы (03.2019-06.2019). 2019-2022 жылдары Алматы қаласының әкімі.

Еске салсақ, осы жылғы 31 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары