$ 494.87  520.65  4.91

БҰҰ Түркияның жаңа атауын бекітті

«Turkey» ағылшын тілінен аударғанда «күркетауық» деген мағынаны білдіреді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бұдан былай ресми құжаттарда елдің атауы  бұрынғы Republic of Turkey-дің орнына Republic of Türkiye деп көрсетілмек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске салсақ, бұдан бұрын Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу халықаралық ұйымдарға ел атауының жаңа емлесін бекіту туралы өтініш жолдағанын айтқан еді.

Оның сөзінше, бұл "елдің әлемдік аренадағы беделін арттыру үшін" қажет. Оның үстіне, «Turkey» ағылшын тілінен аударғанда «күркетауық» деген мағынаны білдіреді.

Елдің атауы Түркия президентінің Жарлығымен 2021 жылдың желтоқсанында өзгертілді. Осыдан кейін елде өндірілген барлық тауарлар Made in Türkiye заттаңбасымен шығарыла бастады. Алайда ресми құжаттарда бұрынғы атау өзгеріссіз қалып келді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары