Жаңалықтар 02.06.2022 сағат 11:20

Семейдегі ірі орман өртінің беті әлі қайтар емес

Қазіргі уақытта сол жерде 399 адам және 85 техника жұмыс істеп жатыр.
Семейдегі ірі орман өртінің беті әлі қайтар емес
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Семейде беті қайтпай жатқан ірі орман өртін ауыздықтауға 400-ге жуық адам жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1 маусымда сағат 14.27-де «Семей орманы» резерватының Жаңа-Семей филиалы Подгороднее орманшылығында өрт шыққан. Тілсіз жау шарпыған аумақ шамамен 160 гектарды құрады.

«Жалынның беті әлі қайтпай жатыр. Өртті сөндіруге департаменттің, жергілікті атқарушы органдардың, ТЖМ №68303 әскери бөлімінің қызметкерлері мен орманшылар жұмылдырылды. Қазіргі уақытта сол жерде 399 адам және 85 техника жұмыс істеп жатыр. Семей қаласында өрт қауіптілігінің бесінші деңгейі жарияланған», - делінген ақпаратта.

Алдын ала болжам бойынша, өрт найзағайдан шығуы мүмкін. Әуеден мониторинг жасау үшін «Ми-2» тікұшағы тартылды.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар