$ 448.15  483.46  4.86

«Ресей президенті Владимир Путин ота жасатуға дайындалып жатыр» – дереккөз

Аурудың асқынып кеткені сонша, операция өмірді ұзартқанымен, ол ұзаққа созылмайды.

Ресей президенті Владимир Путинге ұйқы безінің қатерлі ісігі диагнозы қойылды. Енді ол Н.Н.Блохин атындағы Ұлттық онкология медициналық орталығында шұғыл ота жасауға дайындалуда.

Бұл туралы белгілі израильдік журналист, «Толығырақ» интернет-басылымының шолушысы Марк Котлярский Мәскеудегі таныстарынан білгенін хабарлады.

Оның айтуынша, Блохин атындағы орталық ғимаратының бірі операцияға дайындалып, басқа науқастарды қабылдауға жабылған. Қазір №1 науқас операция алдындағы тексеруді (іш қуысының пункциясы) күтіп отыр.

«Ұйқы безінің қатерлі ісігі – бұл органның шығару жолдарында безді және эпителий тіндерінің бақылаусыз өсуімен сипатталатын қатерлі агрессивті ісік. Аурудың асқынып кеткені сонша, операция өмірді ұзартқанымен, ол ұзаққа созылмайды. Дереккөздердің айтуынша, ең көп дегені 3-4 ай» деп жазды Котлярский.

орда.кз

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары