Павлодар облысы Ақсу қаласында су құбырын жөндеуге бөлінген қаржыны қолды қылған құрылыс бөлімінің басшысы Төлеухан Мұздыбаевқа, "Дала" ЖШС директоры Базарбай Рыспековке және техникалық қадағалау маманы Нұртазинге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
Айыпталушылардың үшеуі де жұмыс орындалмай тұрып актілерге қол қойған.
Ақсу қалалық сотының үкімімен Төлеухан Мұздыбаев Президентке "Ерең еңбегі үшін" медалінен айыру туралы ұсыныс енгізе отырып, 7 жылға, Базарбай Рысбеков – 9 жылға, Нұртазин – 7 жылға бас бостандығынан айырылды.