Тәжікстанның қауіпсіздік күштері Қырғызстан шекарасына ауыр әскери техниканы жылжытуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметі хабарлады.
Тәжікстандық шекарашылар жасағы Қырғызстан шекарасын кесіп өткен соң басталған қақтығыс әлі де жалғасып жатыр.
"Тәжік шекарашылары заң талаптарын елемей, қырғыз әскерилеріне оқ жаудырды. Екі елдің шекара наряды арасында қақтығыс басталып, оның барысында тәжік тарапы минометтерді қолданды", - деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті.
Қырғызстан тарапынан зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында әскери қызметкерлердің қатысуымен қақтығыстар мен басқа да оқиғалар жиі болып тұрады. 2021 жылдың сәуір айында ол жерде су тарату нүктесіне қатысты дауға байланысты толық ауқымды шайқас басталды. Ондаған адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алған.
Соңғы шиеленісу 2022 жылдың сәуір айының ортасында болды. Қырғызстанның шекара қызметі тәжік тарапының ауылды минометпен атқылағанын хабарлады.