04.06.2022, 13:35

UFC: Бүгін Жалғас Жұмағұлов бесінші жекпе-жегін өткізеді

Фото: ашық дереккөз
Ол бұған дейінгі 4 жекпе-жегінің  біреуінде ғана жеңіске жеткен.

Сенбіден жексенбіге қараған түні (маусымның 4-нен 5-іне қараған түн ) Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC турнирі өтеді, оның аясында бесінші жекпе-жекті промоушенде қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (14-6) өткізеді. Оның  жекпе-жегі алдын-ала кардта өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

UFC Vegas 56 турнирі 4 маусым, сенбі күні Нұрсұлтан уақытымен 23:00-де басталады. Жалғас пен оның қарсыласы Джефф Молина (10-2) алаңға үшінші болып шығады. Жекпе-жек 23:40-тан ерте басталмайды. 

33 жастағы қазақстандық спортшының салмағы - 57,15 келі.

Бұл Жұмағұловтың UFC-дегі бесінші тартысы. Ол бұған дейінгі 4 жекпе-жегінің  біреуінде ғана жеңіске жеткен.