04.06.2022, 14:23

Қазақстандықтарды электршокермен ұрған өзбек полицейлері жұмыстан босатылды

Фото: ашық дереккөз
Оларға қатысты прокуратура қылмыстық іс қозғады.

Өзбекстанның полиция қызметкерлері Самарқандта қазақстандық туристерге күш қолданғаны үшін жұмыстан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі УзА басылымына сілтеме жасап.

"Екі қызметкер полициядан кетті, оларға қатысты прокуратура қылмыстық іс қозғады", - делінген хабарламада.

Экс-полицейлер Өзбекстан ҚК-нің 206-бабының 1-бөлігі (Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша тергеліп жатыр.

Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірген еді.