$ 494.87  520.65  4.91

«Оларға келіншегімнің өлгені керек болды»: Қарағандылық азамат әйелінің қазасына дәрігерлерді кінәлайды

Ең сорақысы, отадан кейін келіншектің жағдайы нашарлап, миында ісік пайда болып, клиникалық ауруханаға ауыстырылған. Туыстарының сөзінше, дәрігерлер екі апта бойы жағдайы жақсы дегеннен басқа ешнәрсе айтпаған.

Қарағандыда аман-есен босанып, баласын бауырына алған 24 жастағы ана кенеттен көз жұмды. Марқұмның туыстары бұл жағдайға тікелей дәрігерлерді кінәлап отыр. Айтуларынша, келіншекке әу баста перзентханада дұрыс ем-дом жасалмаған. Тіпті жағдайының мүшкіл екеніне қарамастан ауруханадан шығарып жібергенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Константин Левенко жарынан айырылып қалғанына әлі сене алар емес. Анасын күнде іздейтін тұңғышына да не деп айтарын білмей әлек. Ал бір айлық сәбиіне күтім жасауға туыстары көмектесіп жатыр екен.

Ер адамның айтуынша, ай-күні жетіп, аман-есен босан босанған әйелінің өліміне дәрігерлер кінәлі. Себебі, ақ халаттылар жағдайының күрт нашарлағанына қарамастан келіншекті перзентханадан шығарып жіберген.

“Олар соңына дейін бізге нақты не болғанын айтпады. Қандай диагноз екенін бізден жасырды. Біз өзіміз сұрастыра келіп, акушерлік сепсиске ұласқанын білдік. Өздерінің салғырттығын жабу үшін оларға келіншегімнің көз жұмғаны тиімді болды. Отадан кейін 2 апта бойы оянбады. Мен кінәлілердің тиісті жазасын алуын талап етемін. Керек болса, үкімет пен президентке жетсе деймін. Салғырт әрекеттерін жасырып отырғаны айдан анық”, – дейді марқұмның күйеуі Константин Левенко.

Дәрігерлер әйелдің іш құрылысынан қан тоқтамаған соң оны бірден жан сақтау бөліміне апарып, жатырын алып тастаған. Ең сорақысы, отадан кейін келіншектің жағдайы нашарлап, миында ісік пайда болып, клиникалық ауруханаға ауыстырылған. Туыстарының сөзінше, дәрігерлер екі апта бойы жағдайы жақсы дегеннен басқа ешнәрсе айтпаған. 

Аурухана басшылығы жаңа туған келіншектің өліміне қатысты пікір айтудан бас тартып отыр. Ал қара жамылған отбасы кінәлелер жазаға тартылсын деген талап қойды. Олар осындай арызбен денсаулық сақтау басқармасына, полиция мен прокуратураға да арызданған. Алайда барлық ресми органдар Медициналық бақылау комитетінің сараптама қорытындысы шықпай, істі бастамайтынын жеткізді. 

“Аталған факті полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытынды бойынша нақты процессуалдық шешімдер қабылданатын болады”, – деді облықтық полиция департаментінің ресми өкілі Бақытжан Құдияров. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары