$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте мектеп аумағында жалаңаш жүрген адам ауруханаға жатқызылды

Полиция қызметкерлері оның психоневрологиялық диспансерде есепте тұратынын анықтады.

Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының учаскелік инспекторлары мектеп аумағында жалаңаш жүрген ер адамды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қоғамдық орында киімсіз жүрген ер адам Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Полиция қызметкерлері оның психоневрологиялық диспансерде есепте тұратынын анықтады.

«Пациент бір ай бұрын ауруханадан шығарылған екен. Бүгін қайтадан ауруханаға жатқызылды», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент