Қазгидромет 5 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі. Найзағай, бұршақ, дауыл, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста қатты жаңбыр жауады.
Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстікте – тұман, оңтүстік-батыста, оңтүстікте – шаңды дауыл соғады.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 25 м / с жетеді.
Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында найзағай күтіледі, шығыста және облыстың таулы аудандарында жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.
Қостанай облысының батысында, оңтүстік-батысында найзағай, бұршақ, дауыл соғады.
Түнде Ақмола облысының шығысында найзағай, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде – тұман, облыстың оңтүстігінде, шығысында – 15-20 м/с жел күшейеді.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, күндіз найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с соғады. Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде шаңды дауыл соғып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз шығыста, облыс орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында найзағай, күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с жел күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік жартысында, күндіз Атырау облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз Атырау, Ақтөбе,
Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады. Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.