$ 489.39  567.99  6.19

Елімізден заңсыз шығарылған қаржыны қайтару бойынша арнайы комиссия құрылды

Комиссия жұмысын Мемлекет басшысының өзі бақылайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы бойынша мекемеаралық комиссия құрылды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Бас прокурор жетекшілік ететін бұл комиссия Қазақстаннан шетелге заңсыз жылыстатылған қаржыны елге қайтару бойынша кешенді жұмыс жүргізеді", - делінген хабарламада.

Комиссия жұмысын Мемлекет басшысының өзі бақылайтыны айтылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#комиссия