$ 448.15  483.46  4.86

Қостанайда коттеджден өрт шықты: қаза тапқандар бар

Оқиға 6 маусымға қараған түні болған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қостанайда екі қабатты коттеджен өрт шығып, екі адам қаза болды, - деп хабарлайды "Наша Газета".

Басылым мәліметінше, оқиға 6 маусымға қараған түні болған. Абай даңғылы мен Лермонтов көшесі қиылысында орналасқан екі қабатты коттеджден өрт шыққан. Куәгерлердің айтуынша, полицейлер үйдің терезелерін қағып, тұрғындарды оятқан.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаеваның айтуынша, өрт шыққаны туралы хабар сағат 00:06-да түскен.

"Оқиға орнында денесін 1-дәрежелі күйік шалған төрт зардап шегушіге көмек көрсетілді. Сондай-ақ, денесін 4-дәрежелі күйік шалған екі адамның денесі табылды", - деді ол.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі болған жайт туралы толық ақпаратты кейінірек беруге уәде етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қостанай #өрт