$ 494.87  520.65  4.91

Шығыста үсік жүреді

Қазақстанның басым бөлігінде 7-9 маусым аралығында жел күшейіп, жаңбыр жауады, күн күркірейді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Солтүстік-батыс циклонының ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде 7-9 маусым аралығында жел күшейіп, жаңбыр жауады, күн күркірейді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

«Республиканың оңтүстік-батысы мен шығысында күн ашық болады. Елдің солтүстігінде ауа температурасы 23-30 ға дейін, оңтүстікте 33 градусқа дейін ысиды. Сондай-ақ орталықта 27-35, шығыста 28-33 градус жылы болады. Елдің оңтүстік-батысында 37-42 градусқа дейін күн ысиды. Тек елдің шығысында ғана түнгі уақытта жердің бетінде үсік жүреді», - делінген синоптиктердің хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары