Солтүстік-батыс циклонының ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде 7-9 маусым аралығында жел күшейіп, жаңбыр жауады, күн күркірейді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Республиканың оңтүстік-батысы мен шығысында күн ашық болады. Елдің солтүстігінде ауа температурасы 23-30 ға дейін, оңтүстікте 33 градусқа дейін ысиды. Сондай-ақ орталықта 27-35, шығыста 28-33 градус жылы болады. Елдің оңтүстік-батысында 37-42 градусқа дейін күн ысиды. Тек елдің шығысында ғана түнгі уақытта жердің бетінде үсік жүреді», - делінген синоптиктердің хабарламасында.