Атырауда Telegram арқылы есірткі сатқан кәмелет жасқа толмаған жасөспірім 7 жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Облыс прокурорының бірінші орынбасары Саян Бәкіров жасөспірімнің Telegram арқылы жұмыс тәжірибесі болмаса да табысы жақсы, курьерлік жұмыстың хабарландыруын көріп, барғанын айтты.
“Хабарландыруға қызығушылық танытқан жасөспірім психотроптық заттарды тасымалдау, жеткізу арқылы оңай жолмен мол табыс табуға ұмтылған. Нәтижесінде оқушының қылмыстық әрекеті әшкереленіп, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды”, – деді Саян Бәкіров.
Құқық қорғау органдары ата-аналарға кәмелеттік жасқа толмаған балалардың тәртібін қатаң қадағалауын ескертті.