$ 494.87  520.65  4.91

iOS операциялық жүйесіне қазақ тілі қосылды – Бағдат Мусин

2019 жылы ресми тізімге енгізілсе, енді жасанды интеллекттің автоматты түрде түзететін функцияларымен іске қосылды.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook парақшасында сүйінші жаңалықты жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Apple әлем күткен жаңашылдықты жария етті. Біздің ел үшін бұл презентация аса маңызды, себебі жаңа iOS16 операциялық жүйесіне автотүзету функциясымен қазақ тілі қосылды. 2019 жылы ресми тізімге енгізілсе, енді жасанды интеллекттің автоматты түрде түзететін функцияларымен іске қосылды. Бұл – қазақ тілді қолданушылар саны артып, ана тілімізді әлем мойындап жатыр деген сөз»,-дейді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары