$ 494.87  520.65  4.91

ҰҚК бірнеше қылмыстық топтың жолын кесті

Ақмола облысы бойынша ҰҚК қызметкерлері Көкшетау қаласының үш тұрғынынан қару-жарақтар тәркілеген.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Қару жасау цехы, Макаров тапаншалары,"Браунинг", "Ультра", "Зигзауэр", қол гранатасы және жарылғыш заттар болғанын хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

2020 жылдың аяғында жедел уәкілдер назарына бұрын сотты болмаған А.Д. іліккен. Оның ықтимал қылмыстық әрекеті туралы ақпарат мұқият тексеруді талап еткен және ол зерттеуге алынған.

ҰҚК мәліметінше, жедел уәкілдер А.Д. сыбайластары арқылы травматикалық және газ тапаншаларын сатып алғанын, кейін оларды арнайы жабдықталған шеберханада атыс қаруына айналдырғанын анықтады. Ол оқ жаудыратын тапанша жасап шығарған. Бірақ бұл ақпарат қылмыскерді ұстауға жеткіліксіз болған.

"Мұндай жағдайда нақты дәлелдер қажет. Оның үстіне, А.Д. қару-жарақпен айналысатыны туралы ақпарат болған. Сонда бізден белсендірек шаралар қажет болды", - ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаментінің жедел уәкілі.

2021 жыл қарсаңындағы кезеңдердің бірі сәтті аяқталды – нысаннан 200 мың теңгеге Retay Baron тапаншасы сатып алынды.

Күдіктіні қамауға алып, істі сотқа жолдауға мүмкіндік туды. Алайда жедел уәкілдер қару сатып алуға дайындалып жатқан кезде А.Д-ның қылмыстық әрекеттері туралы жаңа мәлімет пайда болған.

"Сондай-ақ, ол қолдан жарылғыш құрылғыларды жинаумен де айналысқан", - деп бөлісті ҰҚК баспасөз қызметі өкілдері.

2021 жылы қаңтардың ортасында одан қолдан жасалған жарылғыш құрылғы сатып алынған. Сондай-ақ, тапаншаны сату, жарылғыш құрылғы құрастыру, жауынгерлік тапаншаның бөлшектерін жасау құжатталған. Сараптама олар белгіленген мақсатқа сәйкес екенін растады. Қолда бар материалдарды ескере отырып, А.Д-ның заңсыз қызметіне барлық дәлел жиналып, оның барлық қылмыстық байланысы анықталған.

15 сәуірде "үштік" ұсталды. Н.М. жарылғыш құрылғы құрастырумен айналысқан, А.К. қажетті бөлшектерді дайындау бойынша токарьлық жұмыстарды жүргізген.

Тінту кезінде 2 Макаров тапаншасы, 3 Retay Baron тапаншасы, қол гранатасы, 80 патрон және 96 қолдан жасалған жарылғыш зат тәркіленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары