Шекара қызметінің экс-директоры, ҰҚК генерал-лейтенанты, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дархан Ділмановтың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлайды Orda.kz.
Инсайдерлік ақпаратқа сәйкес, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Генералдың үйі мен кеңсесінде және тінтулер жүргізілді. Әзірге генерал Ділмановқа қатысты бұлтартпау шарасы туралы ештеңе белгісіз. ҰҚК жоғары шенді басшыларының «қателіктерін» жарнамаламауға тырысады. Қылмыстық іс аясында оның тек экономикалық сипаттағы ғана емес, әртүрлі қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Қаңтар оқиғасы, атышулы «Қорғас ісінің» жаңғырығы, Кәрім Мәсімовпен тығыз байланыс Дархан Ділмановты негізгі қызметтен алып, қамауға алуда шешуші рөл атқармай тұра алмады.
Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Ділмановты ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры қызметінен босатты. Дархан Ділманов 2015 жылдың шілдесінен бері ҰҚК басшысының орынбасары – Шекара қызметінің директоры қызметін атқарған.