$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында 14 жастағы бала бензиннен уланып көз жұмды

Қазіргі уақытта тергеушілер оқиға орнын тексеріп жатыр.

Ақмола облысында 14 жасар жасөспірім бензинге уланып көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.  

Бұл туралы маусымның 8-де сағат 15:00-де Бұланды аудандық полиция бөліміне аудандық аурухананың медбикесі телефонмен хабарлап айтқан.

"Медбикенің сөзінше, 2008 жылы туған жергілікті тұрғын "бензиннен улану" диагнозымен медицина мекемесіне жеткізілген. Жасөспірім ауруханада қайтыс болды. Қазіргі уақытта тергеушілер оқиға орнын тексеріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деді ведомстводан.

Департаменттің баспасөз қызметінен атап өткендей, полиция қызметкерлері ықтимал куәгерлерден сұрап, қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Соның қорытындысы бойынша процессаулдық шешім қабылданады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#улану #бензин