Жаңалықтар 09.06.2022 сағат 10:40

Қостанай облысының тұрғыны мәйітті екі ай бойы үйінің ауласында жасырып келген

Ер адам өзінің досын ішімдік ішіп отырған кезде темір құбырмен ұрған. Ал мәйітін жазғы ас үйде жасырған.
Қостанай облысының тұрғыны мәйітті екі ай бойы үйінің ауласында жасырып келген
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қостанай облысында ауыл тұрғыны досын өлтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол мәйітті бір ай бойы үйінің ауласында жасырып келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. 

Ер адам өзінің досын ішімдік ішіп отырған кезде темір құбырмен ұрған. Ал мәйітін жазғы ас үйде жасырған. 

"Тұрғын абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтейді. Жапа шеккен тарапқа, яғни марқұмның әпкесіне моральдық өтемақы төленді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ", – деді Қостанай облыстық соты баспасөз қызметінің басшысы Зәуре Едикова. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар