Павлодарда аялдамадан ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ер адам № 18 мектеп маңындағы аялдамадан табылған. Марқұм 1955 жылы туған.
Дерекке қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалған. Ер адамның денесінде зорлық белгілері жоқ.