$ 448.15  483.46  4.86

Талғар қаласының әкімін халық сайлады

Қала әкімі лауазымына 4 адам үміткер болды. Ең жасы – отыз екіде. Үшеуі өзін-өзі ұсынды.

Алматы облысындағы Талғар қаласының әкімін халық өзі сайлады. Қала әкімі лауазымына 4 адам үміткер болды. Ең жасы – отыз екіде. Үшеуі өзін-өзі ұсынды, біреуі "Аманат" партиясы атынан сайлауға түсті, деп хабарлады "Хабар 24".

Қалада дауыс беру үшін 24 сайлау учаскесі ашылды. Оның екеуі қалалық ауруханада орналасқан жабық сайлау учаскесі. Сайлаушылар саны 41 мыңнан асады. Қанша адамның таңдау жасағаны және қала әкімі лауазымына кімнің сайланғаны туралы алдағы жаңалықтарда айтылады.

"Қала әкімі сайлауына қатысқан кандидаттардың әрқайсысы сайлауалды бағдарламасын ұсынды. Олар 10 күн бойы қала тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Дауыс беру уақытында заң бұзушылықтар тіркелмеді. Әр учаскеде 3-4 бақылаушы жұмыс істеді", - дейді аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Мұхит Дүйсебаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары